Кәсіптік бағдар

Кәсіби бағдар беру кабинетінің жоспары бойынша «Мен дизайнер болсам» атты қуыршақтар шеруі. Мақсаты: Ұлттық киімді насихаттау.

Өткен аптада кəсіби бағдар беру кабинетінің жоспары бойынша аудандық музейде экскурсия өтті. Кездесу мақсаты:аудандық музей жұмысымен танысу. Музей қызметкері болу үшін не білу қажеттілігі ,қандай оқуға бару керектігі туралы оқушылар пікір алысып,көкейкесті сұрақтарын қойды.

20қараша күні Бөгетсай мектеп-гимназиясында кəсіби бағдар беру кабинетінің жоспарымен «Мамандық таңдауда үш одақтың бірлігі: мұғалім-оқушы -ата-ана»атты тақырыпта пікірталас өтті. Пікірталас мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауда ата-аналар,ұстаздар қауымымен біріге отырып,ақыл-кеңес беру. Пікірталасқа мектеп психологы А.Н.Оразымбетова психологиялық тренинг өткізіп,одан əрі 10класс оқушысы А.Арынғазина «Мамандықтар əлеміндеміз» атты баяндамасын оқыды. Қазіргі таңда қоғам қажет етіп отырған мамандықтар туралы бейнеролик көрсетіп пікірталас сұрақтары өрбіп, оқушылармен ата-аналар қойылған сұрақтарға жауап беріп ,белсене қатысты. Пікірталас соңы кəсіби бағдар беру кабинетінің атқарылып жатырған жұмыстарының көрмесімен аяқталды.

09 қаңтар күні кәсіби бағдар беру кабинетінің жоспары бойынша кешегі оқушымыз, бүгінгі мектеп тұлегі , Еуразия ұлттық университетінің студенті «Академиялық мобильділік» бағдарламасы бойынша шет елде білім алып келген Алтын Төлебайқызымен 8-11 класс оқушыларымен «Алтын ұя мектебім!» атты тақырыпта кездесу кеші өтті. Мақсаты: аталған бағдарламаны оқушыларға таныстыру . Шет елде білім алудың тиімді жақтарын талқылау , «академиялық мобильдлік» бағдарламасының мақсатымен және оқушымыздың шет елдегі қ ызықты оқиғаларымен пікір бөлісу болды. Ұйымдастырушы: директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Джанкулова А.И.

Жемқорлық — індет, оны жеңу міндет.

«ҰСТАЗ БОЛУ АРМАНЫМ,,,» атты кездесу кеші өтті.

4 қазан күні кәсіби бағдар беру кабинетінің жоспары бойынша 9,10,11 класс оқушылары және мектебіміздің жас мамандарымен «ҰСТАЗ БОЛУ АРМАНЫМ,,,» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты болашақта мұғалім болғысы келетін оқушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап іздеу болды. Мектебіміздің жас мамандары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мұғалім болғысы келетін оқушыларға ұстаздар өздерінің ақыл-кеңестерін айтты. Кездесу кешінің соңы мұғалімдер күніне арналған ән-шашумен аяқталды. Ұйымдастырушы : директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Джанкулова Азел Исатайқызы