Директор блогы

avafo

Бөгетсай мектеп-гимназия директоры: Бультенов Дастанбек Қожабергенович

Дастанбек Кожабергенович Бультенов 1980 жылы 06 маусым айында дүниеге келді.

Білімі: жоғары, Ақтөбе Мемлекеттік университеті Қ.Жұбанов атындағы, дене тәрбиесі және спорт   мамандығы 1998-2003ж.

Санаты: Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санатты маман; 30.05.2012 жылғы №217 Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Еңбек өтілі: 16 жыл, Бөгетсай орта мектебінде 2000 жылдың 31 тамызынан бастап дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады. 2005 жылы, 26 қазанында Абай орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Бөгетсай орта мектебінде 2011 жылдың  қыркүйек айынан директордың оқу –тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін, 2012 жылдың маусым айынан бастап Бөгетсай орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.

Біліктілік көтеруі: №3485, 2012ж, «Өндірістік ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті   қорғау» «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ЖШС» №0263216, 2011 жыл, «12 жылдық мектепте ден тәрбиесі сабағындағы денсаулықты сақтайтын технологиялар» №3691, 2012ж, «Мектеп- педагогикалық жүйе және басқару нысаны» №0315201, 2012ж, «Жалпы білім беретін тірек мектептеріндегі   педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру ерекшеліктері» №0085, 2013ж, «Қазақстандық білім беруді жаңғырту жағдайында қазіргі заманғы мектепті басқару жүйесіне инновациялық көзқарас» 2014ж, «Білім берудің инновациялық стратегиясы-мемлекеттің қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында Ақтөбе   облысының білім беру қызметкерлерінің 2014 жылғы тамыз   педагогикалық тамыз кеңесі аясында бекітілген 120 мың (жүз жиырма  мың) теңге көлемінде сыйақы берілді.

        Мадақтамалары:

№45, Присвоен спортивный разряд «Кандидат в Мастер спорта» по   Боксу.

№1339, Бокстан «Бірінші дәрежелі төреші» атағы берілді.

2008 жыл  Грамота ,Облыстық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталды. Басқарма бастығы А.Құлмағамбетов

2010 жыл Диплом, Аудан әкімі А.Усманғалиев

«Ұлы Отан Соғысының жеңісінің 65 жылдығына арналған аудандық халық ойындары бағдарламасы бойынша волейбол жарысынан командалық есепте ІІІ –і орынды жеңіп алғаны үшін марапатталды».

2013 жыл Алғыс хат, Хромтау аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Т.А.Сейдуллаев «Бақыт кілті — еңбекте» атты КТК ойынының 2- кезеңін өткізуге өз үлесін қосқаны үшін марапатталады.

2014 жыл Алғыс хат, «Хромтау аудандық білім бөлімі»ММ басшысы А.Т.Сейдуллаев

«Ең үздік ауыл мектебі» номинациясымен марапатталды.

2014 жыл Құрмет грамотасы, Басқарма басшысы Ж.Самұратова.

Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін марапатталды.

2014 жыл  Алғыс хат, Облыс әкімі А.Мұхамбетов.

Өскелең ұрпаққа сапалы білім беруде заманауи озық педагогикалық технологияларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізіп, үздіксіз ізденіс және кәсіби шеберлікпен жоғары жетістікке қол жеткізген алдыңғы қатардағы Ақтөбе облысының мақтан тұтар білім шаңырақтарының бірі – Сіз басқарып жүрген Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебіне алғыс білдірілді.

2014 жыл  Алғыс хат, Хромтау ауданының әкімі А.Усманғалиев.

Қазақстан халқы тілдер күніне орай мемлекеттік тілдің дамуына, қолданылу аясын кеңейтуге қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін.

2015 жыл Құрмет грамотасы, Басқарма басшысы Ж.Самұратова.

Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін марапатталды.

2015 жыл  Алғыс хат, Облыс әкімі А.Мұхамбетов.

Өскелең ұрпаққа сапалы білім беруде заманауи озық педагогикалық технологияларды оқу – тәрбие үрдісіне енгізіп, үздіксіз ізденіс және кәсіби шеберлікпен жоғары жетістікке қол жеткізген алдыңғы қатардағы Ақтөбе облысының мақтан тұтар білім шаңырақтарының бірі – Сіз басқарып жүрген Хромтау ауданы, Бөгетсай мектеп-гимназиясына алғыс білдірді.

2015 жыл ақпан айыны — 2016 жылдың қаңтар аралығында Кембридж бағдарламасы бойынша директорлар курсын бітірдім.

%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b41

%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b42

%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f1

БМГ басқарудағы мәдениетті дамыту моделі

Мектеп-гимназияның 2014-2015 оқу жылы және 2015-2016 оқу жылының жарты жылдық есебі.

                                                                                                                    Бультенов Дастанбек Кожабергенович  Бөгетсай мектеп-гимназиясының директоры

          Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі-дүниежүзілік білім әлеміне ену.Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып,құрылымдық жүйесін жаңарту,өзгерістер енгізу-білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян.

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талап та күшті. Жаңа формация мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Қай қоғамда болсын істің тетігін мамандар шешеді. Ендеше, білім сапасын көтеру ісі, жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыру тетігі ұстаздар қауымына байланысты.

Бөгетсай мектеп –гимназиясы 1977 жылы, 450 орынға есептеліп салынған. Қазіргі таңда даярлық топта 28 оқушы тәрбиеленуде және 1-11 кластарда 304 оқушы білім алуда, жалпы барлығы 332 оқушы бар. Алдағы 3 жылға мектепке  2016-17 оқу жылына даярлық топқа-32, бірінші класқа-28, 2017-18 оқу жылына даярлық топқа-32, бірінші класқа-32, 2018-19 оқу жылына даярлық топқа-26, бірінші класқа-32 оқушы келеді деп жоспарлануда. Мектеп- гимназияның  педагогикалық   ұжымының   сапалық   және   сандық  құрамы қажетті педагогикалық  потенциалмен толық  қамтылған. Мұғалімдердің  жеке іс-құжаттары,  еңбек  кітапшалары   талапқа  сай  келеді. Мұғалімдердің жеке істері, еңбек және санитарлық кітапшалары талаптарға сәйкес. Мектеп – гимназияда төмендегідей педагог қызметкерлер жұмыс жасап келеді. Жалпы барлығы- 44 мұғалім, жоғары білімдісі – 35/80%, арнаулы орта – 9/20%. Еңбек өтілдері бойынша 1 жылдан -7 жылға дейін -11 мұғалім /25%, 8 жылдан -17 жылға дейін -18 мұғалім /41%, 18 жылдан -20 жылдан асқан – 15 мұғалім/34 %-ды құрап отыр. Санаты бойынша жоғары  біліктілік санатты -5 мұғалім /11%, бірінші  біліктілік санатты – 14 мұғалім/32%,екінші біліктілік санатты – 14 мұғалім/ 32%,санатсыз мұғалімдер -11 мұғалім / 25%. Жалпы сапалық құрам -43%.ұғалімдерінің сапалық құрамы жылдан жылға жоғарылап келеді. 2014/15 оқу жылын 54% білім сапасымен аяқтады.  Мектеп бойынша 11 класта 12 оқушы, соның 5 оқушысы ҰБТ-ге қатысты. Қатысым 42%. Ортақ ұпай 112, білім сапасы 100%. 4 оқушы              «Алтын белгі» үміткері болды, сол оқушылардың 1 оқушысы «Алтын белгі» иегері, 1 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. 2015-2016 оқу жылының 2 тоқсанының оқу озаттары мен оқу екпінділері және білім сапасы. 1-4 кластар бойынша оқу озаты 32, оқу екпінідісі 35, білімі сапасы 54%. 5-9  кластар бойынша оқу озаты 20, оқу екпінідісі 37, білімі сапасы  47%. 10 — 11  кластар бойынша оқу озаты  9, оқу екпінідісі 13, білімі сапасы  50%. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 48%  болып отыр. Бұнда  1 кластарды қоспағанда. Үйден оқитын 1 оқушы, инклюзивті бағдарламамен 2 оқушы білім алады. Себебі 1 кластар 1-2 тоқсандарда бағаланбайды. Мектептің  педагогикалық кеңес шешімімен ( Хаттама №3.24.05.2015ж) және оқушылар мен ата-аналар бірлескен жиналыс  шешіміне  (Хаттама №1 24.01.15ж) сәйкес  оқу жоспарына 10 класс жаратылыстану-математикалық бағытты таңдап алынды. 11 класс  жаратылыстану-математикалық  бағытымен оқуын жалғастыруда. Сабақтары жаратылыстану – математика бағытымен  жүргізілетін 10-11 класс  талапкерлерге   білім беру сапасын  жаксарту  және  кәсіби бейімдеу жүзеге асырылынуда. Соның ішінде гимназиялық кластар мен тереңдетілген кластар бар олар: гимназиялық кластар 2 класс, 3а класс, 4а класс, 5 класс, 7 класс, 9а класс және тереңдетілген кластар 8 класс және 9ә кластары оқытылады. Бұл кластардың жай кластардан артықшылығы негізгі бекітілген стандарттан 4 сағат артық қосымша сабақтар және үйірме жұмыстары жүргізіледі. Биылғы 11-класс түлектері 25 оқушы, оның 12 оқушысы  Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға баруға  үміт білдіріп отыр.  Бұл қатысымның -48% құрайды. ҰБТ –ге дайындық жоспары құрылып, аптаның әр сенбісінде мектепішілік  ал айына бір рет аудандық байқау тесті  өткізіліп отыр. Биылғы оқу жылында да  «Алтын белгіге »  үміткер 4 оқушымыз бар. Олар:  Зәкіров Даурен., Шыналиева Аида., Әбдіқалықова Гаухар., Аманиязова Алтын. Негізгі мектепті 43 оқушы аяқтағалы отыр. Оның  ішінде 4 оқушысы «Үздік куәлікке»  үміткер болып отыр. Сонымен қатар мектебімізде дарынды оқушылармен жұмыс жақсы жолға қойылған. Оқу жылының басында психолог маман оқушылардың дарындылық қабілетін анықтау үшін оқушылардан тестер алынып, дарынды оқушылар анықталып, жұмыс жоспары жасалды. Биылғы оқу жылына мектебімізден ғылыми шығармашылық жобалармен жұмыс жасауға 28 оқушы тіркелді.  Мектебімізден аудандық  «Зерде» ғылыми шығармашылық жобасына  8 оқушы қатысып, 1 оқушы -1 орын, 1 оқушы – 2 орын, 1 оқушы – 3 орын, 3 оқушы белсенділік көрсеткені үшін марапатталды. Бұл мектеп бойынша пайыздық көрсеткіші – 37,5 %құрап отыр. Аудандық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне 21 оқушы қатыстырылып,  1 оқушы – 1 орын, 3 оқушы – 2 орын және 5 оқушы 3 орынмен марапатталды. . Бұл мектеп бойынша білім сапасының  43 пайызын құрап отыр. Пәндік олимпиаданың ІІІ кезеңі облыстық олимпиадаға мектебіміздің намысын қорғауға физика пәнінен Жанжигитова Нұрайым мен 11-класс оқушысы Абдикаликова Гаухар қатысып, нәтижесінде Абдикаликова Гаухар мақтау қағазымен марапатталды.  Мектебіміз  АКТ кеңінен  қолдануда ,айта кететін болсақ 5 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталып, жұмыс жасайды. Мектептің төменгі қабатында электронды жүгіртпелі жол тақтасы мектептің барлық жаңалығы мен оқушылардың үлгерімі туралы мәлімет беріп отырады. ҚР педагог қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламасы курстан өткен мұғалімдер саны -10,оның екеуі жоғары ілгері деңгей, сегізі 3-деңгей бітіріп сертификатталған. Мектепте ата-аналармен жұмыс жасау жақсы жолға қойылған.Тоқсан сайын ата-аналарға арналған «ашық есік күнін» ұйымдастыру әдетке айналды.Мектептің тәрбие жұмысы жоспарға сай жұмыс жасайды.Әрбір датылы күндермен ,спортық шаралар уақытылы жоғары деңгейде өткізіліп отырады.Мектепте материалдық-техникалық базамен жабдықталған 16 кабинет бар.Спорт зал, акт зал ,асхана талапқа сай жұмыс жасап отыр.Мектеп жанында  50 орындық интернат жұмыс жасайды. Интернатқа жататын бөлмеге арналған жаңадан кереуеттер, оқу залына арналған жазу үстелдер, сөрелер,  үлкен көлемді теледидар, үтіктер,  шаңсорғыштар, кір жуғыш  машина, терезе алдына арналған жасанды гүлдер,  тәрбиеленушілерге жаңа төсек орындары, аквариум, бөлмелерге арналған кілемшелер және кереует аралық кілемшелер  және терезелерге арналған жапқыштар жаңадан келді.Мектепте жылма-жыл «Мектепке жол » акциясы және «Қамқорлық» акциялары   жұмыс жасайды. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 88 балаға 5000 теңге көлемінде көмек көрсетілу  үшін сұраныс жасалды, нәтижесінде 440 000 теңгеге мектептің азқамтылған оқушылары мен интернат тәрбиеленушілері киінді.   «Мектепке жол-2015» акциясы қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылатын Бөгетсай ауылының шағын қожалық иелері мен жеке кәсіпкерлерге және мектеп-гимназия ұжымының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Алдын –ала ауыл әкімімен бірлесе отырып шағын кәсіпкерлер мен жеке қожалық иелеріне және ауылдық емхана мен балабақша ұжымдарына, «Толғанай», «Ақмаржан» сауда үйлеріне және жылыжай басшыларына мектеп-гимназия директорының атынан хат жолданып, демеушілік көмекке қатысуға  шақырдық. 28 тамыз күні «Балаларға бірге көмек берейік!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиын барысында 60 оқушыны 320 000 теңге  көлемінде киіндіріп, мектепке дайындадық. Демеушілік танытқан жаны жомарт азаматтарға мектеп — гимназия директорының алғыс хаты табыс етілді, сонымен қоса аудандық «Хромтау» газетінде  «Балаларға қамқорлық — үлкен іс» тақырыбымен мақала жарияланды. 2015-2016 оқу жылында мектеп-гимназия бойынша 70  азқамтылған отбасы балалары  тегін тамақ ішетіндер тізіміне алынды, ауыл әкімімен бекітілді. Сонымен қатар  қамқорлыққа алынған 3 оқушы бар. Олар; Мукашева Томирис 3 класс оқушысы Каленов Сандир атасының қамқорлығында, Жиенбаева Индира 8 класс оқушысы Жиенбаев Амантай атасының қамқорлығында, Қасқырбайұлы Қыдыр 9а класс оқушысы апасы Рысмагамбетова Алтынгулдің қамқорлығында. Мектеп-гимназия бойынша туыстарының үйінде жататын 9 оқушы бар, ата-аналарымен қолдау хат ретінде жауапкершіліктері  заңдастырылған.                «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-сінің 24 қараша №2-5065 шығыс хатына байланысты Қазақстан Президенті атынан өткізілген балалардың жаңа жылдық шыршасына  азқамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан Халықаралық, Облыстық, аудандық ән байқауларының жеңімпазы 6 класс оқушысы Әлиева Гүлден қатысып, өнердегі осындай жетістіктері үшін Гүлденге  СМАРТФОН ұялы телефоны сыйға тартылды.  28 желтоқсан күні болатын «Жетім және қамқорлықтағы және азқамтылған  балаларға арналған  Хромтау аудандық  әкім жанындағы шырша тойына »  мектеп бойынша қамқорлықтағы үш бала:  Жиенбаева Индира 8 класс оқушысы, Мукашева Томирис 3а оқушысы, Қасқырбай Қыдыр 9 класс оқушысы және азқамтылған отбасынан оқу үздіктері, Халықаралық, Облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары қатысып келді. Молдыбаева Данагүлдің «Ұлу» киімі шырша тойының карнавалдық костюмдері ішінен бас жүлдені жеңіп алып, аудан әкімі А.Х.Усманғалиевтың қолынан  Данагүлге «Шаңсорғыш» сыйға тартылды.Қорыта келе  мектеп әр жыл сайын пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар қорғау, мектеп оқушыларының ҰБТ қорытындылары бойынша мемлекеттік гранттарға ие болуы сияқты түрлі жетістіктерге жетіп келеді. Сексен жылға жуық  азды-көпті тарихы бар мектептен осы жылдар ішінде «Алтын белгі»  мен «Үздік аттестат»— қа  бітірген оқушылардың саны жылдан жылға артып келуде.

 

Бекітемін: ____________________                                                Келісемін _______________   Мектеп –гимназия директоры: Д.Қ. Бультенов                                                КҰ-ның төрайымы М.К.Сердалина

 

Бөгетсай мектеп-гимназиясының 2015-2016 оқу жылына арналған директор жанындағы кеңес жоспары

І тоқсан

Мақсаты:  1. Мектеп-гимназия жұмысын ұйымдастыруда ата- ана,мұғалім және оқушылардың бірлескен іс- әрекетінің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету.

2.Тәрбие мен оқытудың өзара сабақтасуын қамтамасыз ету.

3.Ұжымдық   мәселелердің  зерделенуі,  білім  үдерісінің  үйлесімді дамуы.

4.Оқу үдерісінің даму мониторингін диагностикалау.

5.Қысқы және ұзақ мерзімдік жоспарлардың сараптамасы және қорытынды нәтижесін талқылау және оларды шешу.

 

Қыркүйек айы
Аптасы
01.-05.09 07.-12.09 14.-19.09 21.-26.09
1. Техника қауіпсіздігі және ЖЖЕ – нің сақталуы туралы. 1. Тіл Заңының орындалу барысы. 1.5-класс оқушыларының орта буынға икемделуін бақылау. 1. Класс журналдарының тексерілу қорытындысы.
2. Мемлекеттік қызмет стандарттарын орындау 2. ӘБ-ң жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру 2. Оқушылардың жазба жұмысы дәптерлерінің тексерілу барысы 2. Оқушылар күнделігінің жағдайы. (1-4 класс)
3. Дирекция мүшелерінің функционалдық міндеттері. 3. «Қиын» оқушылармен жұмыс 3. Психологтың жұмысы. 3. Мектеп жанындағы интернат жұмысы.
4.Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру 4. ОЖСБ, ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру 4.Мұғалімдер күнін өткізуге дайындық 4. Жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы  және сәтсіз жанұялармен жүргізілген жұмыс.
5.Тамақтануды ұйымдастыру. Жалпыға бірдей білім беру айлығы. /мектеп,интернат/ 5.Жалпы мектепішілік кезекшілік ұйымдастыру 5.Құқыбұзушылықтың алдын алу 5.Мектеп аттестациясы комиссиясының жұмысы
Қазан айы
28.09.-03.10 05-10.10 12.-17.10 19.-24.10 26.10-31.10
1. 3-4-кластың оқу жылдамдығы . 1. 5-класты жан-жақты тексеру қорытындысы. Түбегейлі тексеріс. 1.Ақылы кабинеттердің тексерілу барысы.

Кабинеттерді паспорттау

1.Оқушылардың тоқсандық білім сапасын алдын ала бақылау. 1.Класс журналдарының тексерілу қорытындысы.
2. Дарынды оқушылармен жұмыс. 2. Оқушылардың жазба жұмыс дәптерлерінің тексерілу қорытындысы. 2.11-класс оқушыларының ҰБТ-ге дайындық барысы.Негізгі пәндерден алынған тест қорытындысы. 2.Әкімшілік бақылау жұмыстарының нәтижесі. 2.Оқушылар күнделігінің жағдайы.(1-4класс)
3. Математика пәнінің  жүргізілуін тексеру қорытындысы. 3.Сынып жетекшілермен психолог, әлеуметтік педагог сыныптарды әлеуметтік  және психологиялық тұрғыдан зерттеу 5-8 кластар 3.Психологтың жұмысы. 3.Мектеп жанындағы интернат жұмысы. 3.Оқушылар демалысын ұйымдастыру.
4.Күнделікті оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау 4.Біліктілік санатқа аттестациядан өтетін мұғалімдердің жмыстарын жүйелеу 4.Жас мамандарға әдістемелік көмек ұйымдастыру. 4.Сынып жетекшілермен психолог, әлеуметтік педагог сыныптарды әлеуметтік  және психологиялық тұрғыдан зерттеу 9-11 кластар 4.Инклюзивті оқыту жұмысының жағдайы
5.Ата-аналар комитетінің жұмысын жүйелеу 5.Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдердің жұмыстарын бақылау 5.Ашық есік күні. Ата-аналар үшін 5.Аудандық олимпиадаға дайындық деңгейі

ІІ тоқсан

Қараша
02-07.11 09-14.11 16-21.11 23-28.11
1. Мектепшілік пәндік олимпиаданың өтілу барысы. 1. Кітапхана жұмысының барысы туралы. 1. Жетім,  жартылай жетім, аз қамтылған,  көпбалалы және сәтсіз  жанұялармен жүргізілген жұмыс. 1.11-класс оқушыларының ҰБТ-ге дайындық барысы.
2. Мектеп мүлкінің сақталу барысы. 2. Оқушылардың күзгі демалысы кезіндегі  өткізілген шаралар туралы. 2. Бастауыш класс оқушыларының білім сапасы.Түбегейлі тексеріс. 2.Класс журналдарының тексерілу қорытындысы.
3.ҰБТ-дің 2 айлық талдауы, дайындық жағдайы 3.Мұғалімдердің кәсіби байқауларға дайындығы, әдістемелік құралдар, электронды орта саны,сапасы 3.Үйден оқыту жағдайы 3.Оқушылар күнделігінің жағдайы.(1-11-класс)
4.Кабинеттердің және мектеп ішінің безендірілуі. /Жаңа үлгіде/ 4.Мектептің және мектеп жанындағы интернат медбикелерінің жұмысы 4.Гимназиялық және тереңдетілген сабақтардың, үйірмелердің жүргізілу деңгейі 4.Мектеп жанындағы интернат жұмысы.
Желтоқсан
30.11-05.12. 07-12.12 14-19.12 21-26.12 28.12-02.01
1.Салауатты өмір салты бойынша атқарылған жұмыстар. 1.9-класс оқушыларын жалпылама жан-жақты тексеру қорытындысы. 1.11-класс оқушыларының ҰБТ-ге дайындық барысы.Негізгі пәндерден алынған тест қорытындысы. 1.Класс журналдарының тексерілу қорытындысы. 1.Жаңа жылдық шаралардың өтілуі

 

2.Эстетикалық тәрбие жұмысының барысы туралы. 2.Физика, информатика пәндерінің жүргізілу барысы. 2.Психологтың жұмысы. 2.Мектеп жанындағы интернат жұмысы. 2.Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі
3.ЖЖЕ,АҚТҚЕ жұмыс барысы. 3.Профилактикалық кеңес жұмысы. 3.Оқушылардың тоқсандық оқу үлгерімін алдын-ала бақылау. 3.Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыруды жоспарлау. 3.Тоқсандық жұмысты талдау

 

4.2016 жылға кәсіби журналдар мен газеттерге жазылуы 4.Оқушылардың жазба жұмысы дәптерлерінің тексерілу барысы. 4.Ашық есік күні. Ата-аналар үшін 4.Біліктілігін арттыру курстарына баруы 4.Оқушы күнделіктерінің ұсталу жағдайы.

ІІІ тоқсан

Қаңтар айы
04-09.01 11-16.01. 18-23.01. 25-30.01.
1.Оқушылардың жеке іс-құжатарының жүргізілуін тексеру. 1.Оқушылардың демалыс кезіндегі шараларының өткізілу барысы. 1.11-класс оқушыларының білім сапасына жалпылама жан-жақты тексеру қорытындысы. 1.Класс журналдарының тексерілу қорытындысы.
2.Ақылы кабинеттердің жағдайы. 2.Жетім оқушылармен,аз қамтылған отбасы оқушыларымен жүргізілетін жұмыс барысы. 2.Факультатив сабақтары мен үйірме жұмыстарының жүргізілу барысы. 2.Химия,биология,физика пәндерінен зертханалық жұмыстың уақытылы орындалу барысы.
3.Тәлімгер жұмысы. Жасұлан,жасқыран. 3.Қазақстан тарихы,тарих,құқық пәндерінің жүргізілу барысы. 3.Оқушы күнделіктерінің ұсталу жағдайы. 3.Оқушылардың ағымдағы оқу үлгерімін алдын ала бақылау.
4.Бастауыш кластардың оқу жылдамдығы 4.Ғылыми жоба т.б дайындық. Зерттеу жұмыстарының жағдайы. 4.Психологтың жұмысы. 4.Мектеп жанындағы интернат жұмысы.
Ақпан
01.-06.02 08-13.02 15-20.02 22-27.02.
1.Биология,химия, геграфия пәндерінің оқытылу барысы. 1.Деңгейлік бағдарлама бойынша мұғалімдердің жұмыстары

 

1.Оқушылардың білім сапасына әсер ететін оқушының жеке басының ерекшеліктерін есепке алу. 1.Класс журналдарының тексерілу қорытындысы.
2.6-класс оқушыларын жалпылама кластық тексеру қорытындысы. 2.11-класс оқушыларының ҰБТ-ге дайындық барысы.Негізгі пәндерден алынған тест қорытындысы. 2.Әкімшілік бақылау жұмыстарының нәтижесі. 2.Оқушылар күнделігінің жағдайы.(1-11-класс)
3.Тәрбие жұмысының жүргізілуін тексеру қорытындысы. 3.Психологтың жұмысы. 3.Мектеп жанындағы интернат жұмысы. 3.Оқушылардың тоқсандық оқу үлгерімін алдын ала бақылау.
4.2011-2020 мемлекеттік бағдарламаның іске асуы 4.Фнукциналдық сауаттылықты дамытудың жоспарларының орындалуы 4.Бастауыш кластарға енгізілген ағылшын тілінің оқытылу жағдайы 4.10-11-кластардың мамандық таңдауы бойынша жүргізілген жұмыстар
5.Мектепте санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы 5.Инклюзивті және үйден оқыту жағдайы 5.Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстардың талдауы
Наурыз
              29.02-05.03 07-12.03 14-19.03 21-26.03
1. 7-класс оқушыларын жалпылама-кластық тексеру. 1.Адамгершілік-жыныстық тәрбие туралы. 1. 11-класс  оқушыларының ҰБТ-ге дайындық барысы.  Негізгі пәндерден алынғантест қорытындысы. 1. Класс журналдарының тексерілу қорытындысы.
2.Жетіп оқушылармен жұмыс. 2. 9,11-класс оқушыларының мемлекеттік емтиханға дайындығы туралы 2. 1-класс оқушыларының оқу желісі. 2. Оқушылар күнделігінің жағдайы. (1-11 класс)
3.Аттестация жұмысының барысы. 3.Оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыруды жоспарлау. 3. Денешынықтыру,  технология пәндерінің өтілу барысын бақылау. 3. Жаңа буын оқулықтарымен жұмыс.
4.Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасарының есебі. 4.Жас мамандармен жұмыс барысы. 4.Бастауыш класс оқушыларының жазу каллиграфиясы. 4.Оқушылардың көктемгі каникул кезіндегі өмір қауіпсіздіктері, демалысын ұйымдастыру
5.Спорттық шаралардың өтілуі 5.Ашық есік күні. Ата-аналар үшін

IV тоқсан

Сәуір
28.03 — 02.04 04-09.04. 11-16.04. 18-23.04. 25.04-30.04.
1. 8-кластарды жалпылама – кластық бақылау. 1. Экологиялық бағыт бойынша жұмыс барысы 1.11-класс оқушыларының ҰБТ – ге дайындық барысы. Негізгі пәндерден алынған тесттер қорытындысы. 1.Класс журналдарының тексерілу қорытындысы. 1. Тәрбие жұмыстарының орындалуы барысы.
2. Емтиханға дайындық жұмыстарының барысы. 2. Денсаулығы нашар оқушылардың денешынықтыруда жүргізілген жұмыстар туралы. 2. Дарынды оқушылармен жұмыс барысы. 2. Оқушылар күнделігінің жағдайы. 2. Музыка, бейнелеу өнері пәндерінің оқытылу барысы.
3. Қоғамдық пәндердің  оқытылу барысы, 3. Қазақ,орыс және ағылшын тілдерінің оқытылуы 3. Мектеп психологының жұмысы. 3. Мектеп  жанындағы интернат жұмысы. 3.Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмысы
4.Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы 4.Мектепішілік бақылау жұмысының талдауы 4.Мемлекеттік стандарттың орындалу барысы 4.Дене шынықтыру пәнінің жүргізілуі 4.Құқық мектебінің жұмысы
Мамыр
02.-07.05 09-14.05 16-21.05 23-28.05. 30.05-04.06.
1. 4,9,11 – класс оқушыларының білім сапасы туралы. 1. Әдістемелік құралдары жарық көрген мұғалімдердің жұмысын мектеп ішінде насихаттау 1. Жас мамандар мектебінің жұмыс есебі. 1. Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің есебі. 1. Мектептің жөндеу жұмыстары.
2. АӘД пәнінің орта мектеп талаптарына сай өтіліуін тексеру. 2. ҰБТ алдындағы психологтың жұмысы 2. Оқушылар демалысын ұйымдастыру шаралары. (Жазғы демалыс лагері) 2. Тәрбие жұмысының есебі. 2. Класс журналдарын тапсыру.
3.Ата-аналармен мектеп арасындағы жұмыстың анализі 3.Біліктілік санатқа аттестациялаудың қортындысы 3.Аралық аттестаттау емтихандарын ұйымдастыру 3. ҰБТ алдындағы стресстің алдын алу шаралары. 3. Оқушылардың жеке іс-құжаттарын тапсыру.
4. Ашық есік күні. Ата-аналар үшін 4.Жаңа оқу жылына біліктілік санатқа ұсынатын мұғалімдер тізімін бекіту. 4.Тәрбие саласы, білім саласы бойынша мониторингтердің қортындылары 4.Жаңа оқу жылына кабинеттерді дайындау. 4.2015-2016 оқу жылының талдауы, ұсыныстар, алдағы оқу жылына жоспарлар жобасын ұсыну.
5.Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жүргізілген жұмыстардың есебі 5.Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдердің жылдық есебі. 5.Мемлекеттік емтихандарға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру. 5.Мектеп әкімшілігінің 1 жылдық есебін тапсыруы, мектеп директорына
6.Оқушылардың жазғы каникул кезіндегі өмір қауіпсіздігі  

                  

Бекітемін: __________                                                                                Келісемін:_________

Мектеп директоры Д.К.Бультенов                                                         ҚҰТ Сердалина М.К

«Бөгетсай мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2015-2016 оқу жылына педагогикалық кеңес жоспары.

 Мақсаты:   1. Оқу- тәрбие жұмысының орындалу сапасын, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің білім, білік және әдістемелік деңгейін, оқушылардың білімді меңгеруі мен тұлғасының тәрбиелік деңгейін,педагогикалық үдерістің дамуы мен нәтижелілігін бақылау.

  1. Педагогикалық жүйені дамыту, оқу үдерісін және басқару жүйесін үйлесімді

ұйымдастыру.

3.Мектеп-гимназияның стратегиялық дамыту міндеттерін шешуге бағыттау.

Тамыз№1

 1. Өткен 2014-2015 оқу жылына талдау,2015-2016 оқу жылының жұмыс жоспарларын

талқылау,бекіту. (Бультенов Д.К.-  мектеп  директоры)

  1. Мұғалімдердің апталық жүктемесін,сынып жетекшілерді,пән бірлестіктерінің жетекшілерін

бекіту.(Бультенов Д.К.-  мектеп  директоры)

3.Аттестациялық комиссия құрамын,әдістемелік кеңес құрамын бекіту.(Бультенов Д.К.- мектеп

директоры)

  1. Мектептің ішкі тәртіп ережесінің мазмұнын талқылау,бекіту. Қызметкерлердің қауіпсіздік

ережелерін сақтауы, жұмыс уақыты. (Бультенов Д.К.-мектеп директоры)

  1. Тамақтануды ұйымдастыру.
  2. Ағымдағы мәселелер.

 

Қараша№2

  1. Мектеп алды даярлық тобындағы жұмыс барысы туралы (ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.)
  2. Жалпы пәндік бақылау жұмыстарының алыну қорытындысы, 5- сыныптың қалыптасу деңгейі.(ДОТЖЖО-ы Байбактина Н.Ү, психолог Сарсембаева А.А)
  3. I тоқсан қорытындысы (ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү, ДТЖО Ергазина А.С)

4.ҰБТ жұмыстарының жүргізілуі.(ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.)

  1. Физика,химия,информатика пәндерінің оқытылу сапасы (ПБЖ)
  2. Аудандық пәндік олимпиадаға дайындық ДБОБО Молдашева А.Х
  3. Үлгермеуші, дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстарға анализ. ДБОБО Молдашева А.Х

8.Ағымдағы мәселелер.

 Қаңтар№3

  1. Мектеп жанындағы интернат жұмысы ДТЖО Ергазина А.С, Психолог Сарсембаева А.А
  2. Математика пәндерінің сапалық деңгейі ДОТЖЖО Байбактина Н.Ү
  3. Санатқа атестациялаудан өтетін мұғалімдердің шығармашылық зертханасы бойынша жұмыс.

ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.

  1. Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы. ДБОБО Молдашева А.Х
  2. ҰБТ жұмыстарының жүргізілуі ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.)
  3. География,биология,орыс тілі пәндерінің оқытылу сапасы ДОТЖЖО Байбактина Н.Ү
  4. II тоқсанның және I-жарты жылдықтың қорытындысы ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү, ДТЖО

Ергазина А.С

  1. Ағымдағы мәселелер.

Наурыз№4

  1. Ғылыми жоба т.б. қатысу сапасы және қорытындысы ДБОБО Молдашева А.Х
  2. Пәндік бағдарламалардың орындалуы,сапасы туралы ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.
  3. Оқушыларды тамақтандыру жағдайы туралы Хасенова Г.Р.-әлеуметтік педагог
  4. Тарих,құқық,АӘД,ағылшын тілі пәндерінің оқытылу сапасы ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.
  5. III тоқсанның қорытындысы ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү, ДТЖО. Ергазина А.С
  1. Кабинеттердің жабдықталуы, жұмысы туралы ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү
  2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытуды, үйден оқытуды ұйымдастыру бойынша

жұмыстар.

8.Психологиялық-медико-педагогикалық консилиумнің қызметі.

  1. Ағымдағы мәселелер.

 Мамыр№5

  1. Оқу жылының қорытындысы,оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіру және мектеп бітіру

емтихандарын алу туралы  ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.

  1. 9-11 сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға,11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге жіберу

туралы бұйрығымен таныстыру,денсаулығына байланысты емтиханнан босатылған

оқушылармен жұмыс. Бультенов Д.К.-мектеп директоры

  1. Оқу жылын үздік бағаға аяқтағалы отырған оқушыларды мақтау грамотасына ұсыну,

марапаттау. ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.

  1. Алдағы оқу жылына арналған мұғалімдердің апталық жүктемелерінің жобасын бекіту туралы,

біліктілік санатына өтетін мұғалімдер тізімін бекіту. ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү

  1. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы ДТЖЖО-ы Ергазина А.С.
  2. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздіктерін сақтауды ұйымдастыру туралы

ДТЖЖО-ы Ергазина А.С.

  1. IV тоқсанның және жылдық қорытындысы .ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү, ДТЖЖО-ы

Ергазина А.С.

  1. Тереңдетілген және гимназиялық пәндердің жүргізілу деңгейі.
  2. Ресурстық орталық жұмысы

10.Ағымдағы мәселелер.

Маусым№6

  1. 5-8,10 сынып оқушыларының сыныптан-сыныпқа көшіру туралы .ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.
  2. Негізгі мектепті бітіру емтиханының қорытындысы,9-сынып оқушыларына НМ бітіру куәлігін

беру туралы . ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.

  1. Арнайы пәндер бойынша үздік жетістіктері үшін оқушыларды (9-сыныптар)  мақтау қағазымен

марапаттау.  ДОТЖЖО-ы Байбақтина Н.Ү.

  1. 11-сынып оқушыларына мектеп бітіру атастаттарын беру,жекелеген пәндерден мақтау қағазымен

марапаттау.(Бультенов Д.К.-мектеп директоры)

  1. Ағымдағы мәселелер.