Әлеуметтік педагог

«Қайырымдылық» жәрмеңкесі

«Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ-де Хромтау аудандық білім бөлімінің № 398, 10.04.2017 жылғы бұйрығын басшылыққа ала отырып «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге 5-11 класс оқушылары толығымен қатыстырылды. Оқушыларға алдын-ала жәрмеңке талаптары таныстырылып, санитарлық талаптардың орындалуы қатаң есепке алынатындығы ескертілді. Жәрмеңке екі кезең бойынша ұйымдастырылды..
Барлық класс 24260 теңге түсірді.Осы жиналған қаражатқа мектеп-гимназиясы бойынша қамқорлықтағы және мүмкіндігі шектеулі балаларға киім сатып алынып берілді
Төменде жәрмеңкеге қатысқан сатушылар мен сатып алушылар
Г.Р.Хасенова «Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ-нің
мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогі

Хромтау аудандық білім бөлімінің № 386, 10.04.2017 жылғы бұйрығын басшылыққа ала отырып «Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ-сі бойынша өткізілген «Қайырымдылық» жәрменкесінен түскен қаражат есебі.
19 сәуір,2017 жыл.
№ Кластар Жиналған көмек теңге есебімен Класс атынан тапсырушы оқушының аты-жөні Класс жетекшісі
1 5а 3305т Дүзжасар Бекзат Сүйінбекова Ж.Қ.
2 5ә 2260т Орынбасарова Әсел Байбактика Н.Ү.
3 6 5000т Закирова Инабат Маханалина Б.Р.
4 7 2150 т Зейнуллаева Аружан Қойшыбай Г.Ж.
5 8 3200 т Нұралина Әсемгүл Түйтенова Г.Б.
6 9 2315 т Арынғазина Аружан Елемесова А.С.
7 10а 1295 т Қыдырбаева Жұлдыз Молдашева А.Х.
8 10ә 2215 т Жағабергенова Н Құдайбергенова С.Т.
9 11 2520 т Берік Адель Андашева Г.Д.
Бар. 9 кл 24260 т
Осы жиналған қаражатқа төмендегі кесте бойынша өз қалаулары бойынша киім сатып алынып берілді. Сатып алу кезінде оқушылардың әлеуметтік жағдайлары да есепке алынды.

№ Кластары Оқушының аты-жөні Алған киім түрі Алған киімдерінің бағасы теңгемен
1 4 Мукашева Томерис кроссовка 2900
2 9 Жиенбаева Индира кроссовка 2900
3 10а Хайроллаев Артур футболка 2000
4 9 Тойтанов Жомарт футболка 1700
5 4 Сусындыбаева Гүлнұр Толстовка 2700
6 11 Насан Райса Безрукавка 5850
7 10а Қасқырбайұлы Қыдыр Безрукавка 5950
Бар. 7 оқушы

Төменде жәрмеңкеге қатысқан сатушылар мен сатып алушылар

18199434_162335167629578_2214094233669025327_n 18221677_162335294296232_2373576117403557186_n 18222007_162335344296227_5374834023340102388_n 18222467_162335417629553_1997625542659012785_n

Хромтау аудандық білім бөлімінің № 364, 03.04.2017 жылғы бұйрығын басшылыққа ала отырып «Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ-де «Мейірімді жүрек» атты айлық жоспарланды.
Сәуірдің 6 күні Хромтау аудандық білім бөлімі, Ақтөбе облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасы және Кешенді жоспардың 3-тармағын орындау мақсатында 2017 жылдың 6 сәуір күні № 6 Хромтау гимназиясы базасында «Мейірімді жүрек» атты акциясының ашылу салтанатына қатыстық.
Хромтау ауданы бойынша «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы бір ай бойы өтетіні, онда мүмкіндігі шектеулі жандар мен қамқорлықтағы және жетім балаларға көмек қолын созу жұмыстары, оларды түрлі іс-шараларға өздерінің икемділіктеріне қарай тарту, аудан бойынша жаппай «Қайырымдылық» жәрмеңкесін өткізу, 20 сәуір күні болатын №6 мектеп-гимназиясын-дағы спорттық іс-шараларға қамқорлықтағы және жетім балалардың толық қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары қатаң бақылауда болатыны ескертілді және айлық жоспармен таныстырды. 26 сәуір күні акцияның жабылуына арналған концертке барлық балаларды қатыстыру және мектепішілік жалпы жоспар дайындап оны орындау керектігі ескертілді. Сонымен жоспар бойынша «Мейірімді жүрек» тақырыбында 4,9,10,11 кластар аралығында шығарма, эссе, мақала жазу байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылар арасында 11 класс оқушысы Насан Райса І орын алса, Мукашева Томерис бас жүлдені жеңіп алды. Барлық оқушылар мектепішілік апталық жиында мектеп-гимназия директорының мақтау қағазымен марапатталды.

18198581_162477720948656_8504605544850745582_n 18198696_162478834281878_1751745578522626058_n 18274906_162479184281843_5042990679393759363_n 18274951_162477917615303_309160282325839344_n

20 сәуір күні аудандық білім бөлімінің № 745, 14.04.2017 жылы шыққан хаты негізінде өткізілген № 6 Хромтау гимназиясы базасында «Спорт – жан серігі» атты спорттық сайысқа «Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ-сі бойынша 1 жетім 2 қамқорлықтағы бала қатыстырылды.Оқушылар үлкен ынтамен, тамаша көңіл- күймен оралды. Нәтижесінде 10 класс оқушысы жетім бала Қасқырбайұлы Қыдыр жүлделі ІІІ орын алса, қамқорлықтағы оқушылар 9 кластан Жиенбаева Индира мен 4 клатан Мукашева Томерис белсене қатысқаны үшін Хромтау аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды
.«Спорт — жан серігім» атты спорттық сайыстың марапаттау кезінен кейінгі оқушылардың бір тобы.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» есеп шоттарды толықтыру бойынша Қасқырбайұлы Қыдырға осы уақытқа дейін педагогикалық ұжым мүшелері 40000 теңге аударды. Ендігі уақытта қамқоршысы Рысмағанбетова Алтынгүл ай сайын 10000 теңгеден толықтырып тұруға келісім берді.

18195113_162480047615090_8854226300518662304_n 18221859_162479884281773_7772218389015823816_n 18222668_162480214281740_4126393191515406984_n 18268339_162480124281749_3183481947555956058_n 18268456_162480137615081_7169126001003076397_n 18268560_162479620948466_6289238948117000685_n 18268593_162479644281797_3930654581468229999_n 18301475_162479747615120_7618344813068391777_n

Жоспар 2017 -2018 ж