2018 жылдың 26 қаңтар күні «Асулардан асады жастар әлі, бар болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында Бөгетсай мектеп-гимназиясының 2017 жылғы түлектерімен кездесу кеші өтті. Кездесуге Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Хромтау қалаларының оқу орындарында білім алып жатқан студенттер жиналды.Кеш барысында студенттерге мектеп оқушылары және ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, Қасқырбайұлы Қыдыр, Байжігіт Нұрболат, Данагулова Ақмерей, Алдашева Индира және 9 сынып оқушылары өз өнерлерін тарту етті. Келген қонақтар оқу орындары туралы, студенттік өмірлері жайында сыр шертіп, ұстаздарына алғыстарын білдірді. Айнагүл Абдрахманқызы, Гүлназ Байпатшақызы, Гүлайым Дүзбайқызы, Шара Әміржанқызы, Айгүл Серікқызы студенттерге тілектерін арнап, сағыныштарын басты. Түлектерге балалық шағынан естелік бейнебаян көрсетіліп, кездесу кеші Байжігіт Нұрболаттың әсем әнімен аяқталды.