1 ақпан күні мектепте «Өзін өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі окүндігі бастау алды. Мақсаты: «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізінде жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани жетілдіру идеясы оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормасымен таныстырады, азаматтық мәдениетке қалыптастыруды дамытады.
Онкүндіктің ашылу салтанатына оқушылар мен ұстаздар қатысты. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Б.Р.Маханалина іс-шаралар жоспарымен таныстырып, 7 сынып оқушылары өлең жолдарын оқыды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.С. Ергазинаға өз құттықтау сөзінде оқушыларды өз бойларындағы жағымды қасиеттерін күнбе-күн дамыта отырып, әрдайым адамгершілік, сыйластық, достық қарым-қатынаста болып, ата-аналарына, өз мектебіне, мұғалімдеріне және кластары мен достарына үнемі жүрек жылуын сыйлауға шақырды.