Бөгетсай мектеп-гимназиясында 7 ақпан күні 9-11 класс оқушылырымен «Дін тәрбие дінгегі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге облыстық дін мәселелері жөніндегі орталығының теолог маманы Жидебаев Сұлтан, аудан әкімі аппаратының бас маманы Сарманов Мұқағали Нұрланұлы және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Есекенова Сәуле Аділбековна қатысты. Кездесу барысында оқушылар назарына «Қара жол» фильмі ұсынылып, фильм бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді, оқушылар өз ойларын ортаға салды.Теріс діни ағымдардардан қалай қорғануға болатындығы жөнінде Жидебаев Сұлтан сөз алды.Кездесу соңында оқушыларға «Деструктивті ағымдар әсерлерінің қаупі», «Теріс діні ағымның» 13 білгісі тақырыптарындағы арпараттық парақшалар таратылды.