2017 жылдың 22 қараша күні Бөгетсай мектеп-гимназиясында балаларды қорғау күніне арналған аудандық «Қамқоршылар слеты» өтті. Аталған шараның мақсаты: отбасылық саясаттың дамуына ықпал ету, отбасылық дәстүрлі құндылықтардың тууына, отбасының күшейуіне және әлеуметтік қамқорлық мәселесіне назар аудару. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршыларын қолдау және құрметтеу.
Слетқа аудан мектептерінің әлеуметтік педагогтары мен қамқоршылар қатысты.
Екі бөлімнен тұратын іс-шараның бірінші бөлімінде жоғарыда аталған қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтсе, екінші бөлімінде мектептің «Вокал» үйірмесінің дайындаған концерті тамашаланды.
Іс-шара барысында балаларға жанұя жылуын сыйлаған ата-аналарға шағын дастархан жайылып сый-кұрмет көрсетілді. Қамқорлықтарына алған балаларға отбасы жылуымен қатар, саналы тәрбие беріп, сапалы білім алуларына қолайлы жағдай жасап, олардың бойына еңбекқорлық, отансүйгіштік сезімдерін сіңіре білген қамқоршылар аудандық білім бөлімі атынан алғыс хаттармен марапатталып, мектеп атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.