Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Сұңқар» ер балалар клубы жұмыс жасайды. Клубтың алға қойған мақсаты: мектептегі ер балалар тәртібіне, сабақ үлгіріміне ден қоя отырып, олардың бойында елжандылық, имандылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Әрбір ер балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлауға, қадірлей білуге үйретіп, болашақта елін, жерін, халқын қорғайтын, отаншыл, өз елінің патриотын тәрбиелеу.
Клуб құрамына 8-11 сынып ер балалары кіреді. Клуб жетекшісі Мустафин Ануар Ергазиевич.
Жоспарға сай қараша айының 16 күні «Сұңқар» клубының кезекті отырысы өтті. Отырыс «Темекі – денсаулыққа зиян!» тақырыбында болды. Отырыс барысында қоғамдағы өзекті мәселенің бірі темекі туралы, оның құрамы, адам ағзасына тигізер зияны туралы деректер келтіріліп, темекі тартудың жағымсыз жақтары оқушыларға кеңінен түсіндіріліп, оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болуға, темекіге үйір болмауға ақыл-кеңестер берілді.

Фото Айгуль Ергазиной.

Фото Айгуль Ергазиной.