Бөгетсай мектеп-гимназиясының тәрбие жоспарына сәйкес «Алтын күз» атты іс-шаралары жүзеге асты. 17 қазан күні 5-10 сыныптар арасында «Күз жәрмеңкесі» өтсе, 1-4 сынып оқушылары арасында күзгі жапырақтарды пайдаланып жасаған жұмыстарынан және салған суреттерінен «Сиқырлы алтын күз» көрмесі ұйымдастырылып өтті.
«Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауы 5-7 және 8-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты оқушылардың құзығушылықтарын, ынталарын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, өз ойларын жеткізе білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Байқау музыкалық сәлемдесуден бастау алып, шарттары бойынша би өнері, қол өнері, ситуациялық жағдаяттан шығу, күзгі сән үлгісі сияқты бөлімдерден тұрды. Байқау барысында қатысушылар сапалы дайындықтары мен жоғарғы эстетикалық талғамдарын көрсете білді. Қорытындысы бойынша 5-7 сыныптар арасында І орынды – 6а сыныбы, ІІ орынды – 5 сынып, ІІІ орынды – 6ә және 7 сыныптар иеленсе, 8-11 сыныптар арасында І орынды – 11 сынып, ІІ орынды – 10 сынып, ІІІ орынды – 8 және 9 сынып оқушылары иеленді. Жеңімпаздар мектеп директорының мадақтама грамоталарымен марапатталып, барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.