Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша 1 қазан – Қарттар күніне орай 25 қыркүйек – 07 қазан күндері «Қарттарым – асыл қазынам» айдарымен зейнеткер ұстаздарға, ауыл қарттарына көмек көрсету акциясы  өтті. Акция барысында Андашев Дүзбай ағай мен Абдрахманова Бәдигүл апайдың үйлеріне – 6а класс оқушылары, Сақтаева Дәмеш апайға – 6ә класс оқушылары, Сахиева Айман апайға – 7 класс, Нәсіпқалиева Ұлдай апайға — 8 класс, Тлеубаева Ұлболсын апайға және Түйешібаева Рахима апйға – 9 класс, Тупенова Биязы апайға — 10 класс, Тайжанова Мәншүк апайға және Муканова Сәния апайға – 11 класс, Үргенішбаева Бақыт апайға – 5 класс оқушылары үйлеріне барып көмек түрлерін көрсетті. Олар аула тазалау, әктеу т.с.с. жұмыстарға жәрдем берді. Ақция 160 оқушыны қамтыды.
25-30 қыркүйек аралығында мектепте 1-11 кластарда «Қарты бар ел – қазыналы ел» тақырыбында класс сағаттары өтті. Оқушылардың ата-әжелері класс сағаттарына шақырылып, қадірлі қонақтары болды.