Бөгетсай мектеп-гимназиясы бойынша Ұстаздар күнін атап өту мақсатында бірқатар шаралар өз кезегінде өтті.
Іс-шаралар қыркүйек айында «Өз мұғаліміңді құттықта!» акциясынан бастау алды. Бұл акция барысында интернет желісінде құттықтау беті ашылып, оқушылар, мектеп түлектері мұғалімдерін құттықтап, өз лебіздерін білдірді.
Мектеп оқушыларының ұстаздарына арнаған құттықтау қабырға газеттері «Мұғалім туралы бір үзік сыр» тақырыбында болды. Қабырға газеттерін шығаруда еш мұғалім елеусіз қалмады.
25 қыркүйек – 07 қазан күндері зейнеткер ұстаздарға көмек көрсету акциясы бастау алды. Акция барысында оқушылар қарттардың үйлеріне барып көмек түрлерін көрсетті. Олар аула тазалау, әктеу т.с.с. жұмыстарға жәрдем берді. Ақция 160 оқушыны қамтыды.
04 қазан күні «Ұстаз болу арманым» атты мектебіміздің жас мамандары мен 9-11 класс оқушылары арасында кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты мұғалім болуды армандайтын оқушылар көкейкесті сұрақтарын ұстаздарға қойып, ұстаздар ұстаз болудың қыр-сырын, ұстаз болуға ниетті оқушыларға өз ақыл кеңестерін айтты.
Мереке қарсаңында апта бойына 1-11 кластарда тақырыпты тәрбие сағаттары болып өтті. Тәрбие сағаттары жақсы дайындықта, кең мағыналы және жоғары эстетикалық талғамға сай болды.
06 қазан күні 4-11 класс оқушыларының дайындаған «Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым» атты мерекелік концерті өте тартымды өтті. Кеш барысында оқушылар ұстаздарға аранап өлең жолдарын оқып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.