Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Талғампаз қазақ халқы қыз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған.
Бөгетсай мектеп-гимназиясында «Сырласу» қыз балалар клубы жұмыс жасайды. Клубтың мақсаты: мектептегі қыздар тәртібіне, киім киісіне, сабақ үлгіріміне ден қоя отырып, олардың бойында елжандылық, имандылық, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлауға, қадірлей білуге үйретіп, болашақта елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, жаны нәзік, ары таза, иман жүзді ару тәрбиелеу.
Клуб құрамына 94 қыз бала кіреді: 5-8 кластар арасында – 54 қыз бала, 9-11 кластар арасында – 40 қыз бала. Клуб жетекшісі – Елемесова Алтыншаш Сегізбайқызы.
Биылғы оқу жылына жұмыс жоспарлары бекітіліп, төмендегідей іс-шаралар атқарылды.
«Сырласу» клубының отырыстары үнемі уақытында өтіп отырады. Қыркүйек айында өткен алғашқы отырыста, қыздар клубтың жұмыс жоспарымен таныстырылып, оқушылардың сырт келбеті, шаш өсіру мен мектеп формасы туралы әңгімеленсе, қазан айында мектеп психологінің, медбикенің қатысуымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»тақырыбында отырыс өтті.
«Сырласу» клубының қыздары мектепте өткен барлық іс-шараларға белсене атсалысып отырады.