«Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша іс-тәжірибе алмасу» тақырыбындaғы облыстық әдістемелік семинары

2017 жылдың 29 наурыз күні Бөгетсай мектеп-гимназиясында Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «Каникулдық мектеп» жұмысы өз жалғасын тапты.

Облыстық әдістемелік семинары «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша іс- тәжірибе алмасу» тақырыбындa болды.

Семинар барысында мұғалімдер қазақ және орыс тілінде жүргізілетін бастауыш класс мұғалімдері секцияларына бөлініп, жеке аудиторияларда жұмыс жасады.Сауат ашу, математика, жаратылыстану  пәндері бойынша жүргізілген әдіс тәсілдерімен бөлісті.

%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f1

Оқытуды қазақ тілінде жүргізетін бастауыш класс мұғалімдерінің секциясында Ақтөбе қаласы Новый орта мектебінің бастауыш класс мұғалімдері ҚожабекМ.Ш., Есеева Т.Н., «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында, «Оқушыларды өмір бойы білім алуға дайындаудағы жобалық жұмыстың маңызы» тақырыбында Новый орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Турганбаева М.Т іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Панорамалық сабақтар топтамасында жаратылыстану пәнінен Сарысай орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Аманбаева Б.А, қазақ тілі пәнінен Бөгетсай мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Каналина Ж.А, математика пәнінен Қопа орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Бердалина Н.Н сабақ өткізді.

Оқытудыорыс тілінде жүргізетін бастауыш класс мұғалімдерінің секциясында Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімдері Штукина О.А.,Мирук Т.Н., Хайченко М.В. «Особенности командного преподавания» және «Особенности преподавания в начальной школе в условиях содержания образования» тақырыптарында іс-тәжірибиелерімен бөлісті.

%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f2

Семинардың жабылу салтанатында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.